Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2 миллиард теңге": Гүлнұр Мамасарипова кинодан түскен табысты қайда жұмсайтынын жасырмады

Отандық кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова кино түсіріп қанша табыс табатынын The DS' Show бағдарламасында айтып берді. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Жақында кинопродюсер “Біз екеуміз” киносын жарыққа шығарды. 

"Кино түсіру азарт ойын сияқты. Әр туынды шыққан сайын, тағы идея келеді. Бүкіл фильмдерімнен қанша тапқанымды санамадым. Шамамен 2 млрд теңгедей шығар. Бірнәрсе айтып кетейін. Кинодағылар өтірік мақтанғанды жақсы көреміз ғой. Түсіндіріп кете салайыншы, бәрі мені қырғын ақша тауып жатыр деп ойлайды ғой. Млрд деп алғанның өзінде киноны түсіруге – 150 млн теңге кетеді. Кинотеатр бірден 500 млн теңгесін алып қалады. Ол – әлемдік тәжірибе. Актерлардың гонорары бөлек әңгіме”, – деді продюсер. 



Сонымен қатар кино саласының маманы қай қаражат қайда жұмсалатынын жіпке тізгендей етіп айтып берді.

“Қолымызда 500 миллион қалса, 10%-ын сату маманы алады. Ол киноның прокатымен айналысады. Кинотеатрда киноңызды көрсетті ме, соны бақылайды. Сол үшін 50 млн теңге алып қалады. Кино түсіру үшін кеткен 150 млн теңгені қайтарасыз. Қалған 300 млн теңгеден 12% қосылған құнға салынатын салық пен 20 пайыз корпоративтік табыс салығын төлейсіз. Сонда 150 млн теңге қалады. Ол ақшаға қайта кино түсіремін ғой", – деді Гүлнұр Мамасарипова.

Еске салайық, Гүлнұр Мамасарипованың фильмінің жабық көрсетілімінде Роза Бағланованың бұйымдары аукционға шығарылды. 

Талқылау