"2 миллион теңге жұмсадық": Фариза Төреәлі Түркияда медициналық тексеруден өтті
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал блогер Фариза Төреәлі Түркияда медициналық тексеруден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы отбасымен бірге Ыстамбұлға ұшып кеткен еді.
“Аяқ-асты саяхатқа кеттік. Дархан екеумізде жұмыстар қарбаласып жатса да бір серігіп қайтайық дедік. Алда көп жаңалықтармен қуантамы. Жаңа үйге көшуге де көп күш кетті. Бір сөзбен айтқанда, демалыс керек болды. Чекап өтіп жатырмыз. Жыл сайын 1-2 рет өтуді әдетке айналдырдық. Екеуміздің медициналық тексеруімізге 2 миллион теңге жұмсадық. Бұл жақтағы ең қымбат емханалардың бірі екен. Денсаулық өте маңызды”, – деп жазды блогер.
-
"Өкпені тесіп, анализ алады": Фариза Төреәлі қатерлі ісікпен қалай күресіп жатқанын айтты
-
"Кеудені бір жерден ғана тесті": Фариза Төреәлі отаның қалай өткенін айтып берді
Еске салайық, блогер босанғаннан кейін қатерлі ісікке күдік бар деп емделген еді.
“Онкология бойынша диагностикаға келдім. Елде нақты ештеңе айта алмады, бірақ өзгерістер бар екен. Нейроэндокриндік ісікке күдік бар, тексерілу керек. Аздап мән бермей жүрген едім. Дархан жай қалдыруға болмайды деп қатты кірісті. Тіпті маған айтпай, Ыстамбұлға билет алып қойыпты", – деген еді Фариза.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
