Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеудені бір жерден ғана тесті": Фариза Төреәлі отаның қалай өткенін айтып берді

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, қатерлі ісікпен күресіп жатқан Фариза Төреәліге ота жасалды. Германиядан онколог дәрігер Түркияға арнайы ұшып келіп, науқасты өлімнен арашалап қалды. Блогер екі сағатқа созылған отаның қалай өткенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогердің айтуынша, отаның алдында эндоскопиялық биопсия жасалған. 

“Биопсиядан соң бірден тамақ береді. Анализ тапсырар алдында өте ұзақ уақыт аш жүргізеді. Бұл жағынан да сабырлы болу керек. Жан-жақтан шыңдалуымды қалады. Эндоскопиялық биопсия кезінде наркоз салынбады. Тек ұйықтап жаттым. Онколог дәрігердің қабылдауына биопсиядан соң кірдік.“Бәрі таза, маған күндеріңді қаратпасын. Енді жеңіл түрін тексеретін басқа дәрігерге жіберемін. Ол жақтан да биопсия алынады” деп шығарып салды. Ең ауыр диагноздармен жұмыс істейтін дәрігер екен. Әлемнің түкпір-түкпірінен шақыртулар түсіп, науқастарды емдейді”, – деді блогер. 

 Сондай-ақ Фариза отаның өте жеңіл өткенін де айтты. 

“Кеудеден де алынды. Ота 2,5 жарым сағатқа созылды. Кеудені бір жерден ғана тесті. Мұндай жеңілдетілген ота түрі Түркия мен Кореяда ғана жасалады екен. Кейбір мемлекетте кеудені қақ ортасынан кесіп жасайды екен қарапайым анализ алу үшін. Біздің елде де қақ ортасынан кесеміз деді. Онколог дәрігердің жіберген хирургы да қорқынышты ештеңе жоғын айтты”, – деп қуанды Фариза. 

Талқылау