Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 балдық афтершок: Алматыда Қытайда болған тағы бір жерасты дүмпуінің күші сезілді

Алматыда Қытайдағы тағы бір жерасты дүмпуінің күші сезілді. Қалада 2 балл көрсеткіші тіркелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аксу жер с

Фото: ашық дереккөзден скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 6 наурызда  Алматы уақытымен 05 сағат 09 минутта жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 км жерде) орналасқан. Алматыда күші 2 балл көрсеткішпен сезілген”, – делінген мәліметте.

Еске сала кетейік, 4 наурызда Алматыдан 35 шақырым жерде магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды. Алматыда тұрғындар күші 5 балдық жерасты дүмпулерін сезінді. Кейін Төтенше жағдайлар қызметі жер сілкінісі қаупінің сақталып отырғанын хабарлады.



Жер сілкінісіне байланысты сенім телефоны іске қосылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновке мегаполис тұрғындарының мүддесі үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қаланың барлық қызметтерімен тығыз жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.

Ал 5 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов үкіметке елдегі сейсмологиялық жағдайды тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Талқылау