Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 айдан астам уақыттан соң Оралға жаңа әкім тағайындалды

Мұрат Бәйменов Оралдың жаңа әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: БҚО әкімдігі

Мұрат Бәйменовтың кандидатурасы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынылды. Орал қаласының бұрынғы әкімі Миржан Сатқанов өз еркімен қызметінен кетті. Ол мұндай шешімге денсаулығының нашарлауы себеп болғанын айтты. Шілденің 22-нен бері қала әкімі сайланбады, арада 2 айдан көп уақыт өткен соң Бәйменов келіп отыр.

Ол 2002 жылы Орта Азиялық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Мансабын 1985 жылы Шыңғырлау кеңшарының құрылыс жұмысшысы болып бастап қаржы басқармаларында жұмыс істеген. Кейін “Ақжайық санаториясы" мен "Жайық самалы" ЖШС директоры болды.  2008-2010 жылдары Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, 2012-2013 жылдары Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылы осы уақытқа дейін 55 жастағы Бәйменов Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары болды. 

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалғанын жаздық. 

Талқылау