2 адам қаза тапқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың жұбайы күдікті ретінде танылды

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонованың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов өліммен аяқталған жол апатына қатысты қозғалған қылмыстық іс жөнінде ресми ақпарат берді.
Оның айтуынша, Гулайым Рахмонова аталған қылмыстық іс аясында күдікті ретінде танылған. Қазіргі уақытта тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр.
Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы Екатеринбург автожолының 299-шақырымында болған. Полицияның мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 көлігін басқарған Гулайым Рахмонова рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.
Оқиға салдарынан екі әйел қаза тауып, спортшының жұбайы мен баласы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.
Кейін Жамбыл облысының полициясы оқиға орнынан түсірілген видеоматериалдарды жариялады. Кадрлардан аударылған жол талғамайтын көліктің айтарлықтай зақымданғаны, бір дөңгелегінің бекіткіштен ажырап кеткені және көлік бөлшектерінің айналаға шашылғаны байқалады.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?