"Ноттингем Форест" құрамасы жеңілістер сериясын үзді
Фото:”Ноттингем Форест” фк
Бірнеше күн бұрын "Ноттингем Форест" Шон Дайчті команда бас бапкері етіп тағайындағанын хабарлаған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ноттингем Форесиің жаңа бапкері Шон Дайчт 54 жастағы маман команданы бастап, алғашқы матчын өткізді.
“Ноттингем Форест” өз алаңында Лига Европа аясында "Портуны" қабылдады. Ойын алғашқы минуттан-ақ қарқынды басталды. Алаң қожайындары ойын тізгіндерін қолға алып, матч барысында екі мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты.
Нәтижесінде “Портуға” гол соғуға еш мүмкіндік бермеді. Ойын қорытындысы бойынша "Ноттингем Форест" жанкүйерлерін 2:0 есебімен жеңіске жетті. Тартысқа толы тойында “Ноттингем” сапынан Морган Гиббс-Уайт пен Игор Жезус гол соғып, жоғарғы деңгейде ойын өрнегін көрсетті. Осылайша, команда ұзаққа созылған жеңіссіз сериясын үзді.
Айта кетейік, Ноттингем Форес 10 матч бойы 3 мәрте тең түссе, 7 рет жеңілген еді. Жаңа бапкер Шон Дайчтің келуі команданың ойынына оң әсерін тигізді. Келесі матч "Ноттингем Форест" 26 қазан күні "Борнмутпен" қонақта өтеді
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

