Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 миллиард теңге шығын келген: "Аяла Голд" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы туыстарын "дроппер" ретінде пайдаланған

қаржы пирамидасы

Видеодан скриншот

Қаржы мониторингі агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен "Аяла Голд" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкентте қаржы пирамидасы зергерлік бұйымдарды сататын компания ретінде жасырынып, азаматтарға ай сайын 50–60% кепілдендірілген табыс уәде етіп, инвестиция салуды ұсынған. Осылайша салынған қаражаттың сақталатынына сендірген. Алайда төлемдер нақты пайда есебінен емес, жаңа қатысушылардан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылған.

Қаржы пирамидасына 400-ден астам салымшы тартылып, олар 1 миллиард теңгеден астам қаражат салған.

“Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табысқа бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешенінен екі пәтер сатып алған. Сот санкциясымен бұл пәтерлерге тыйым салынды”, – делінген хабарламада.


"Шығын 59 миллион теңгеден асты": Павлодарда АҚШ-тың жарнамалық платформасы деп қаржы пирамидасын ұйымдастырған



Қаржы пирамидасы бөліп төлеу арқылы үй алуды ұсынып 500-ден аса адамды сан соқтырды


200-ден аса қазақстандық Ansar Gold қаржы пирамидасына қаржы салып, алданып қалған


Бұдан бөлек күдіктілер өз туыстарын қаржылық схемаға тартып, оларды "дроппер" ретінде пайдаланған. Яғни басқа салымшылардан түскен қаражатты олардың банк реквизиттері арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды.

Еске салсақ, Қарағандыда “Sincere Systems Group” пирамидасын құрғандарға қатысты тергеу аяқталған еді. 

Қырмызы Скендирова
Жұма, 08 Тамыз, 2025 14:15
Талқылау
`