Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 жастағы гроссмейстер Динара Сәдуақасова шахматтан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық 19 жастағы гроссмейстер Динара Сәдуақасова шахматтан әлем чемпионы атанды.

73e30434-8ab4-4ff3-b4ec-66b75019960f

Фото: Today.kz

Бұл туралы оның әпкесі Айнұр Өтешова өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлемдік дода бұл күндері Үндістанның Орисса Бхубанесвар штатында өтіп жатыр.

“Бүгін менің алтын сіңлім 20 жасқа дейінгі қыздар арасында шахматтан әлем чемпионы атанды. Ол осылайша тек Азияда ғана емес, әлемде де мықты екенін дәлелдей түсті”, – деп жазды ол.

Әлем чемпионатының жеңімпазы ресми түрде гроссмейстер атағын иеленеді. Алайда Сәдуақасова ол атаққа 2012 жылы қол жеткізіп қойған.

Динара спорттың бұл түрімен 10 жасынан бері ресми түрде айналысып келе жатыр. Ол сондай-ақ, музыкаға қызығып, гимнастика, жүзу секілді спорт түрлерімен де айналысады.

Оқи отырыңыз:

Криштиану Роналду төртінші мәрте “Алтын доп” иегері атанды

Футбол тарихындағы ең қитұрқы пенальти желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Златан Ибрагимович цирк стилінде гол соқты (видео)

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Талқылау