Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

188 млн теңге жымқырған "Қазсушардың" бес лауазымды қызметкері мен бас мердігер қамауға алынды

жемқорлықВидеодан скрин

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, "Қазсушар" РМК облыстық филиалын тексеру барысында 13 мың тонна қиыршық тас жеткізілмегені белгілі болды.

Бұл ретте қаражат жалпы жеткізу көлеміне толық аударылған (60 мың тонна).

Табиғи материал Көкарал бөгетінің стратегиялық нысанын нығайту үшін өте қажет. Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 188 млн теңгеден астам шығын келген.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді (лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, өзіне сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру, аса iрi мөлшерде жасаған).


 


Соттың санкциясымен "Қазсушар" РМК филиалының бес лауазымды тұлғасы мен бас мердігер қамауға алынды.

Қылмыстық істі облыстың арнайы прокурорлары тергеді.

Қазіргі таңда, ол бойынша іс аяқталып, сотқа жіберілді.

Айта берейік, бұған дейін мемлекеттік аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің және оған қарасты ұйымдардың лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылған еді. 

Рая Мінәп
Сейсенбі, 18 Қараша, 2025 20:52
Талқылау