Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"183 см боймен, басыңды соғып аласың”: Алматылық азамат жерасты өткелінің құрылысын қауіпсіздік нормаларына сай емес деп сынады

183 см боймен жерасты өткеліне басын соққан

Фото: Желі кадрларынан

Желіде алматылық азамат қаладағы жер асты өткелінің биіктігіне шағымданды. Айтуынша, 183 см бойдағылар үшін өте ыңғайсыз әрі қауіпті, стандартқа сай емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тұрғын Абай мен Достықтағы жерасты өткеліне түспек болған.

“Менің бойым 183 см және мен жерасты өткелінен түскенде басымды соғып алдым. Бұл қалыпты нәрсе емес деп ойлаймын. Сол өткелді жобалаған адамдар мүлде ақылға қонбайтындай істеген. Егер сіздер мұны қабылдаған болсаңыздар, бұл да дұрыс емес. Ең болмаса, адамдар сақ болсын деп ескерту жапсырмасын іліп қоюға болар еді”, -деп жазды ол. 

Желі қолданушылары да мұны қауіпсіздік нормасына сай емес екенін айтып, қызу талқылады.

“Бұл тіпті өрт қауіпсіздігі нормаларына да сай келмейді”, “Байқа, оларды ашуландырма, әйтпесе ертең 178 см-ден жоғары бойға айыппұл сала бастайды”, “Сенің жағдайыңды жақсы түсінем. Менің бойым 191 см. Осындай өткелдерді өзім де жек көремін. Бірде басымды қатты соғып, көзім қарауытып, көзілдірігімді сындырып алғанмын. Қайта көзілдіріктің линзасы кіріп кетпеді”, “Мұндай төмен өткелдер мүлде болмауы керек. Құрылысты бақылағандар дұрыс қарамағаны анық. Бұл қарапайым қауіпсіздік шаралары ғой, әсіресе төтенше жағдай немесе өрт кезінде”, “Жақында өзім де сол жерден өтіп, осы "төмен конструкцияға" қатты таңғалдым”, – деп жазды жұртшылық. 



Stan.kz тілшісі өткелдің неге мұндай номада салынғанын әкімдіктен сұрап көрді. 

“Алматыда жерасты өткелдерінің құрылысы 1970 жылдары басталды. Алғашқы нысандардың бірі Абай - Достық даңғылдарының қиылысында тұрғызылды. Жер асты өткелдерін жобалау кезінде сол кезеңдегі қолданыстағы құрылыс нормалары қолданылды”, – деді Медеу ауданы әкімдігі. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 05 Қараша, 2025 12:45
Талқылау