Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

180-нен аса қазақстандық Израиль әскерінде қызмет етіп жүр – БАҚ

Фото: pixabay.com

Al Jazeera басылымы 189 қазақстандық қос азаматтықпен Израиль қорғаныс күштері қызмет ететіп жүргенін мәлімдеді. Олар Газа секторы аумағындағы әскери қимылдарға қатысуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ мәліметінше, жалпы, Израиль армиясында шетелдік төлқұжаты бар 50 мыңнан астам адам қызмет етеді. Олардың басым бөлігі – АҚШ, Франция және Ресей азаматтары. Сондай-ақ:

  • 264 өзбекстандық;
  • 146 әзербайжандық;
  • 112 Түркия азаматы;
  • 52 қырғызстандық;
  • 31 түрікменстандық бар екені айтылған.

Ал Қазақстаннан 189 азаматтың Израиль қорғаныс күштеріне қызметі туралы ақпаратқа байланысты Stan.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінен пікір сұрады. 

“Қазақстан азаматтарын шетелде консулдық есепке қою тек олардың келісімімен жүзеге асырылады. Осыған байланысты Министрлікте барлық шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының тұрғылықты жері немесе қызметі туралы ақпарат жоқ. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан заңнамасына сәйкес бізде қос азаматтық танылмайды. Шетел мемлекеттерінің қарулы күштерінде әскери қызмет өтейтіндерді есепке алу министрліктің құзыретіне кірмейді. Жалпы алғанда, құзыретті мемлекеттік органдардың ресми деректеріне негізделмеген үшінші тараптардың ақпараттық хабарламалары мен жарияланымдарына министрлік түсініктеме бермейді”, – деді ведомство.    



     Елімізде қос азаматтыққа тыйым салынған. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 172-бабы елден тыс жерлердегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Егер жалдамалылық дәлелденсе, 170-бапқа сәйкес 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылады. Ал ауыр зардаптар болған жағдайда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және азаматтықтан айыру жазасы көзделген.

STAN.KZ
Жұма, 20 Ақпан, 2026 12:14