Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жыл күйеуінен зорлық көрген әйел ертерек ажыраспағанына өкінді

Күн сайын әлеуметтік желілерде күйеулерінен қорлық көрген әйелдер туралы айтылады. Шынайы өмірде мұндай оқиғалар самсап тұр. 2016 жылдың өзінде 316 әйел күйеуінің таяғын көтере алмай өзіне қол салған. Мұны бас прокурордың өзі айтты. Осы күнге дейін 300 әйел өзін жұдырықтай беретін жарын өлтіріп, түрмеге түскен.

цыцыву

Бұл туралы “Әйел бақыты”  бағдарламасында айтылды.

2016 жылы күйеуінен таяқ жеген қыз-келіншектер туралы көп айтылды. Жасырын сандар жариялана бастады. Нәзік жандылар шыдамның шегі бар екенін көрсетті. Бірақ жетімдер үйі жабылып жатса да, аналар үйінің саны артты.

44 жастағы Самал Ерболқызы өзінің басынан өткен оқиғасын бөлісті. Ол 18 жыл бойы күйеуінен қорлық көріп келген екен. Екеуінің ажырасқандарына 8 жыл болған. Самал ханым қайын сіңілдерінің де көрсеткен қорлығын ұмыта алмай жүр екен.

“Жарыммен көп уақыт бірге тұрдым. Әрине, сүйіп қосылдым. Екеуіміз қыз-жігіт болып 8-9 жыл жүрдік. Алып қашқан жоқ. Қаладағы оқуы біткен соң, мені қалдырмай өзімен бірге ала кетті. Ол кезде 18 жастамын. Алғаш рет отасқаныма үш жыл толған кезде қол көтерді. Өзінің сұрағына менен дұрыс жауап алмаған соң, ұрып жіберді. Ол кезде жыладым да, қойдым. Содан кейін ұмытып кеттім. Ол майда сауал болғандықтан, қазір есіме түсіре алмай тұрмын. Есте қалатындай емес, болмашы дүние еді. Жарты жыл өткен соң, бұл оқиға қайталанды. Қайын әпкелерім арамызға кірігіп, күйеуімді маған айдап салып отырды. Жолдасым ішпегендіктен, көп уақыт ажыраспай жүрдім. Бір шетінен анам да “Ол – ішпейтін азамат. Балаларың үшін шыда. Үйге қайтып келсең, мына ел-жұрт не дейді?! Олардан ұят болады” деп айтып отыратын.

85258

Осылайша 18 жыл шыдап келдім. Соңғы кезде жүйкем жұқарып, өзім тозып кеттім. Адамның артық сөзін көтере алмайтын болдым. Бір шетінен балаларымды аядым. Үлкен ұлым сабағын дәретханаға кіріп оқитын. Себебі, әкесі келген кезде балаларына да ұрсады. Ешқайсымыздың ісімізді жақтырмайды. Өзінің айтқанын екі еткізбей орындатады. Оған қарсы шықпай, осы қорлықтың барлығына көніп келдік. Әскери адам болғандықтан, мінезі қатал. Балаларды ешқашан еркелеткен емес. Бізге тіпті ақша бермейтін. Сонда балаларым “Мектепке барғанымызда бізде тамаққа ақша болмайды” деп жылайтын. Тіл табысайын десең, “Әйел, аузыңды жап!” деп ашумен жауап қайырады. Әр күн сайын ол өзгереді деген үмітпен жүрдім. Мінеки, заңды түрде ажырасқаныма 8 жыл болды. Өкінбеймін. Қазір немерелеріміз бар. Өзі де отбасын құрды. 7 жыл жалғыз тұрғандықтан, әйелдің қадірін түсінген сияқты.

Маған бір кездері “Қайта қосылайық” деп келген еді. Одан көңілім қалып қойғандықтан, бұл ұсынысына келіспедім. Үлкен ұлым “Бұрын ажырасып кетуің керек еді” деп отырады. Өкінішке орай, балаларым жасық болып өсті. Үнемі үйде ұрыс, төбелес болмасыншы деген оймен жүреді. Ал екінші ұлым “Сол кезде шыдауың керек еді. Мен тезірек өсіп, оған сазайын танытатын едім” дейді. Бірақ, кенжелерім әкесінің жаман мінезі туралы білмейді. Кейде әкелері туралы айтқанымда, “Әкеміз қол көтеруі мүмкін емес. Сенбейміз” деп бұрынғы жолдасымды жақтап отырады. Уақытты артқа қайтарсақ, мен 20 жасымда кетіп қалушы едім. Қазір неге бірден ажырасып кетпедім деп өкінемін. Ол кезде өмірім басқаша болатын еді ғой. Балаларыма әкесінің жағымсыз мінезі жұқты. Үлкен ұлым келінімді ұрады”, – дейді Самал ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық емші жүздеген әйелдің бала көтеруіне көмектескен

Қазақ қызы түрік азаматына тұрмысқа шыққаны үшін қатты өкініп жүр

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Талқылау