Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 жастағы Назерке Әріптің денесі Кеңсай зиратынан табылған

Белгілі болғандай егде әйел 18 жастағы Назерке Әріптің денесін әйгілі Кеңсай зиратынан тапқан.

973

Бұл туралы kaztime.kz хабарлайды.

18 жастағы қыздың анасының айтуынша оған 4 қыркүйек күні полиция хабарласып, оның қызының сипаттамасына ұқсайтын қыздың денесін тапқандарын хабарлайды.

“Құрбан айт кезінде зираттарға барған әже үйге қайтар жолда жатқан қыздың өлі денесін көреді. Бұл түн уақытында болған. Бізге полиция хабарласы, сипаттама бойынша біздің қызымызға келетінін айтты. Біз мәйітханаға бардық. Иә, сәйкестік бар. Әрине, 100 пайыз емес, бірақ киімі ұқсайды. Аяқ киімі болған жоқ. Полиция денеде зорлық белгілері табылмады деп мәлімдеді. Сараптаманың қорытындысын күтеміз”, – дейді Сәуле Әріп.

Сараптама нәтижесі 12 қыркүйек күні дайын болмақ. Туыстары қызды жер қойнына тапсырып үлгерді.

Еске салсақ, 18 жастағы Назерке Әріп 10 шілде күні жоғалып кеткен болатын. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып кеткен соң қайта оралмаған.

Оқи отырыңыз:

Әблязовтің сыбайласы деп айыпталған Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты

Ақтөбеде ресейлік әнші мазақ қылған қонақүйді көруге Сапарбаевтың орынбасары арнайы барды (видео)

Жанжал: Депутаттар білім грантын әділ бөлмеген шенеуніктерді жазалауды талап етті

Қарағандыда күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйел сотталды

Талқылау