Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"18 жасқа толмаған": Қайрат Нұртастың екінші қызы көлік айдап жүр

алау қайрат қызы Фото: https://www.tiktok.com/@kaalauka

Танымал әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау көлік тізгіндеп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, өнер иесінің қызы қолына кілт ұстап, Hyundai PALISADE көлігінің жанында тұрған фотосын көрсеткен еді. 

Қызы ешқандай түсініктеме жазбағанымен, суреттен отбасындағы жаңа темір тұлпарды байқауға болады. Айта кетейік, көліктің нарықтағы бағасы   – 33 миллион теңгеден басталады. 

Кейіннен Алау Нұртас рөлде отырған видеосын өзінің TikTok парақшасына жариялаған. 

Желі қолданушылары қыздың кәмелет жасқа толмағанын айтып, жарыса пікір жазды. 

"18 жасқа толғансың ба? Рөлге отыруға бола ма", "Жүргізуші куәлігі бар ма", "Полицияға беріп жіберу керек. Ертең біреуді сорлатады ғой", "Жүргізуші куәлігі қайдан? 18-ге толмады ғой", "Таныстары болса, бәрі болады", деп жазды олар. 

Бұған дейін әнші Қайрат Нұртас кенже ұлы Ханға көлік сыйлағанын жазған едік. 

@kaalauka_ inst: kaalau_ | @ардашок ♬ original sound - WYA ADRIAN | DJ
STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 16:27
Талқылау