Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 млн теңге берген: Астанада немересінің арманын орындамақ болған зейнеткер алаяқтарға алданып қалды

Астанада немересін шетелге оқуға жібермек болған 58 жастағы зейнеткер алаяқтарға алданып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: adobestock.com

Полицияның мәліметінше, зейнеркер немересінің арманын жүзеге асыру үшін шетелде білім беру қызметін ұсынатын орталыққа жүгінген. Күдікті әйелге бес елде оқу мүмкіндігін ұсына отырып, зейнеткерді өз шотына ақша аударуға көндірген.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 18 миллион теңгені құрады. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.



Сондай-ақ алаяқтың осыған ұқсас 49 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Полицейлер тұрғындарды интернетте сатып алу және қызметтерге тапсырыс беру кезінде абай болуға шақырды. 

Еске салсақ, бұған дейін Семейде АҚШ визасын алмақ болған студент алаяқтың құрбаны болғаны туралы жазған едік.

Талқылау