Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

18 баланы апаттан аман сақтап қалған полицейге Астанада екі операция жасалды

КамАЗ-бен жол апатында зардап шеккен павлодарлық полицей Мұрат Нұрсейітовке елордалық ауруханада екі операция жасалды.

20170219105417-1-620x250

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

“Астаналық әріптестерімізбен хабарласып отырмыз. Мұратқа қажетті екі операция жасалды: біріншісі – жамбасына, екіншісі өткен жұма күні болды – науқастың шынтақ сүйегі сынып кеткендіктен, қолына операция жасалды. Бәрі сәтті өтті деп хабарлады. Қазіргі уақытта дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін істеді. Жағдайы бірқалыпты. Әрі қарай елордалық аурухана қызметкерлері емдеу курсын жалғастыра береді, басты қиындық артта қалды”, – дейді Павлодар қаласы №2 қалалық ауруханасының жарақат бөлімінің меңгерушісі Кеңес Ақылжанов.

Естеріңізге сала кетсек, 17 ақпан күні таңертең КамАЗ автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы бетке өтіп кетіп, балалар мінген автобусты соғуға шақ қалған.

Полицейлер балаларды құтқару үшін өздерінің “Лада Гранта” көлігін КамАЗ-дың алдына көлегейлейді. Полиция көлігінің жүргізушісі Мұрат Нұрсейітов ауыр хәлде Павлодардағы ауруханаға жатқызылды. Оның әріптесі болар-болмас жарақат алған. Жүк көлігінің жүргізушісі мен автобус ішінде болған 18 бала мен 4 тәрбиеші зардап шеккен жоқ.

Оқи отырыңыз:

Ақпарат министрі мүшеқаптардың жарнамасын сынға алған әйелге жауап берді

Сенатор: Отанын сатқандар азаматтықтан айырылады

ҰБТ-дан қазақ тілі пәні алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер баспанасыз адамды емдеуден бас тартқан

Талқылау