Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жасында нәпақасын таба білген Ақтөбе әкімі есеппен араласатын жағымпаздарды бірден танитынын айтты

Жұмысқа кәмелет жасқа жетпей ерте араласып кеткен Ілияс Испанов адам танитынын жасырмады.

Біріне бірі ұқсамайтын салаларда басшылық қызметтерде еңбек еткен ол айналасында қай адамның қандай оймен жүргенін де ажырата алатынын Aktobenews.kz тілшілеріне айтып берді.

«Мен әкім болғанға дейін түрлі қызметте болдым. Өте көп адаммен араластым. Сондықтан, қызметтен кеткен күні қасымдағы адамдар мені танымай қалып, теріс айналып, телефонға жауап бермей жатса, мен оған моральды түрде дайынмын», — дейді Ілияс Испанов.

Қала басшысы қасында жүрген қызметтестерінің барлығын жамандай алмайтынын алға тартты.

«Барлығы емес, әрине. Дегенмен, сатып кететіндер болады. Өз басым адамның мінез-құлқын бірден біле аламын. Кімнің қандай оймен араласатынын аңғарамын», — деді қала басшысы.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбе басшысы әкім болмай тұрып Бердібек Сапарбаевтың назарына қалай іліккенін айтып берді

Ақтөбеде 80 жастағы әжей емші “Қыдыр атаға” келетіндердің надан екенін айтты (видео)

Семейде екі метр қорғаннан секіріп кірген қаскөй 3 айлық күшіктің басын кесіп лақтырып кеткен

Астанада жедел жәрдем жүргізушісі мен дәрігері шақырған жерге мас күйінде келген

Талқылау