Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайраттың" жас жұлдызы Дастан Сатпаев Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанды

Фото:”Қайрат” фк

17 жастағы "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сатпаев Transfermarkt порталындағы соңғы бағалауға сәйкес Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат футболшысы атанды. Оның нарықтық құны 3 миллион еуроға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл көрсеткіш Дастанды тек ҚПЛ-де ғана емес, өз жас санатындағы Еуропаның ең перспективалы ойыншыларының бірі ретінде көрсетеді.

Айта кетейік, 2026 жылдың жазында Сатпаев ағылшындық "Челси" клубына 2,4 миллион еуроға ауысуға алдын ала келісімшартқа қол қойған еді.

Сатпаев Ресей чемпионатында ойнап жүрген қазақстандық футболшыларды басып озды.:
    •    Бахтиёр Зайнутдинов — 2,8 млн еуро
    •    Нұралы Әліп — 2,5 млн еуро
    •    Максим Самородов — 2,5 млн еуро

Сонымен қатар, Transfermarkt дерегінше, 2008 жылы туған ойыншылар арасында Сатпаев әлемде 15-орында, ал өз позициясындағы орталық шабуылшылар арасында үздік 2-орынға ие болды.

Аталмыш рейтингтің екінші сатысында екі футболшы бөлісіп тұр:
    •    "Қайрат" шабуылшысы Валерий Громыко
    •    "Астана" шабуылшысы Назми Грипши

Екеуінің де нарықтық құны — 1,5 млн еуро. Громыко маусым бойы шабуылдағы әмбебаптығын көрсетсе, ал Грипши ҚПЛ-2025 маусымының үздік сұрмергені атанды. Ол 26 ойында 16 гол соғып, 7 ассисс жасады.

Үздік үштікті үш футболшы түйіндеп түр:
    •    "Астана" шабуылшысы Иван Башич
    •    "Қайрат" шабуылшысы Офри Арад. Естеріңізге салсақ, Офри Арада “Интерге” қарсы ойында миландық клубтың қақпасынан саңылау тауып, кішігірім сенсация қол жеткізді.
    •    "Тобыл" ойыншысы Чесноков

Бағасы өскен ойыншылар

"Қайрат" пен "Астананың" бірнеше ойыншысы нарықтағы құнын арттырды:
    •    Жоржиньо — +300 мың (800 мың еуро)
    •    Луиш Мата — +200 мың (600 мың еуро)
    •    Темірлан Анарбеков — +200 мың (400 мың еуро)
    •    Чинеду Джеффри — +300 мың (900 мың еуро)
    •    Усман Камара — +150 мың (1 млн еуро)
    •    Ғалымжан Кенжебек ("Елімай") — +375 мың (600 мың еуро)
    •    Әділбек Жұмаханов ("Елімай") — +150 мың (600 мың еуро)
    •    Даурен Жұмат ("Оқжетпес") — 13 гол, құны 450 мың еуро

Бағасы төмендеген ойыншылар

Кейбір тәжірибелі ойыншылардың құны керісінше төмендеді:
    •    Асхат Тағыберген, Темірлан Ерланов — 500 мың еуро
    •    Рикардиньо, Юг Станоев, Әділет Садыбеков ("Қайрат") — әрқайсысы −100 мың еуро
    •    Юрий Вакулко ("Ордабасы") — 700 мың еуро
    •    Шахбоз Умаров ("Тобыл") — 300 мың еуро

Қорытынды нәтиже бойынша Transfermarkt жаңартуы "Қайрат" пен "Астананың" ҚПЛ-дегі үстемдігін тағы да көрсетті. Оған себеп ең қымбат 10 ойыншының 8-і дәл осы екі клубтан шыққан.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 17:49
Талқылау