Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"17 адам жарақат алып, біреуінің жағдайы ауыр": Үндістанда фестивальде піл көпшілікті таптап кете жаздады (видео)

8 желтоқсанда Үндістанның Малаппурам штатына қарасты Керала қаласындағы мешітте фестиваль өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын жиында піл ашуға булығып 17 адамды жарақаттады. Олардың ішінде біреуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

8 желтоқсанда жүздеген адам Тирурдегі Путхиянгади фестиваліне жиналды. Фестивальде алтын тақталармен безендірілген бес піл көрсетілді. Ал жиында жиналған адамдар оларды фото, видеоға түсіруге тырысты.

Кенет пілдердің бірі ашуға булығып, көпшіліктің арасына кіріп кетті. Иесі оны басқаруға тырысқанымен, еш нәтиже болмады. Паккату Шрикуттан атты піл адамды көтеріп алып, біраз уақыт сілкіп, лақтырып жіберді.

Ер адамның жағдайы ауыр. Ол Котаккаледегі ауруханада емделіп жатыр. Фестивальде адамдар қауіпсіз жерге қашуға тырысқан. Дегенмен дүрбелең туындап, бір-біріне соқтығысып, жарақат алған.  

Кей ер адамдар пілді шынжырмен басқармақ болған. Пілді бақылауға алу үшін екі сағатқа жуық уақыт кеткен. 

Талқылау