Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

160 килограммға арықтаған бойжеткен жұрттың мазағына айналды (фото)

Салмағы 230 кг болған Жаклин Адан бес жылдан бері артық салмақпен күресіп келеді. Осы уақыт ішінде ол 160 кг артық салмақтан арылған екен. Алайда осыдан кейін бойжеткеннің терісі салбырап, айналадағылар оған күліп жүр.

Бұл туралы bigpicture.ru басылымы хабарлайды.

Диснейлендке барып келген Жакин артық салмақпен күрес жүргізуге шешім қабылдайды. Бойжеткен сол жерде артық салмағына бола аттракциондардың біріне отыра алмай қалған екен. Осыдан кейін Жаклин артық салмақтан арылу туралы шешім қабылдайды. Бастапқыда ол небәрі 90 килограммға арықтауды мақсат тұтқан. Бірақ, жаттығулардың арқасында ол 160 килограммға дейін арықтайды. Бар мәселе оның жұртқа күлкі болуында болып отыр. Себебі, оның дене бітімі бұрынғысынан да ұсқынсыз болып кеткен.

Жуырда Жаклин Мексикаға демалысқа аттанды. Оны су киімінде көрген жастар саусағымен нұқып, әбден күлген екен.

“Мұның барлығының көңіліме қаяу түсіріп жүргені рас. Бірақ, мен өзгелердің пікіріне тәуелді емеспін! Оларға бола өзімді құрбанға айналдырмайды екенмін. Олар мені білмейді. Олар менің 160 килограмм салмақпен қалай күрескенімді елестете де алмайды. Олардың мені саусақтарымен шұқып көрсетулеріне құқықтары жоқ. Сол себепті, мен сол сәтте тек жымидым. Бар мәселе өзгелердің көңіліңізге қаяу түсіретінінде емес, оларға сіздің қалай жауап беретініңізде”, – дейді бойжеткен.


Жіберіп алмаңыз:

Канадалық аюларды үйінен сыпайы түрде шығарып салды (видео)

14 баланың 44 жастағы анасы өз еңбегімен миллионер атанды

Британияда “ақылды” секс-қуыршақтар сатылымға шығарылды (видео)

Америкалық археологтар Мысыр пирамидаларының басты құпиясын ашты

Талқылау