Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"16 жылдан бері күтіп жүрмін": Жахан Отарғалиев балалы болуға қатысты жан сырын ақтарды

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев бала сүйе алмай жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жеке парақшасында 13 жылдан кейін сәбилі болатын блогер Елдос “Колобокты” құттықтады. 

“Колобок үшін қуаныштымын. Видеосын бәріміз көрдік, жыладық. Қандай керемет сезім. Енді үмітімізді үзбейміз, Алла нәсіп етсе екен. 16 жыл күттік, тағы да сәл шыдаймыз. Алла береді ғой. Мен Елдос бауырым үшін қуаныштымын. Үнемі бір бірімізге қолдау көрсететінбіз. Алланың берері көп болсын. Колобокке қызығып, менде де болса екен деп гендер патидің идесын жазып тастадым. Дәл қазір баласы бар жандар, шүкір қылайық. Өмірде отбасыдан артық не бар?! Ақша, байлық келеді, кетеді. Мәселесі жоқ адам жоқ. Маған да көп адам жазып жатыр. Сені танымайтын, бірақ сен үшін дұға жасайтын жандардың барына Аллаға шүкір. Алла қаласа, бізде де жаңалық болады. Мен Аллаға сенемін”, – дейді ол.



Айта кетейік, Елдос Калабок пен жұбайы Таңшолпан gender party жасаған еді. 

“Сүйінші, қазақ елі. Аллаға шүкір, осы күнге жеттік. Балапан, біз сені күтеміз”, – деп жазды блогер.

Ерлі-зайыпты Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында жүктілік кезіндегі ауыр кезеңдер туралы айтқан болатын. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 12:25
Талқылау