150 мың долларға саудалаған: Қазақстанда украиналық азаматтар ағза мүшелерін заңсыз сатқан
Украинаның ұлттық полициясы азаматтарының Қазақстанда ағза мүшелерін сатуға мәжбүр екенін айтты.

Бұл туралы ведомство басшысының орынбасары Вячеслав Аброськин айтты.
20-ға жуық осындай заңсы әрекет тіркелді. Украиналықтар өз бүйрегін саудалаған. Бұл істі полиция тексеріп жатыр.
Бір бүйрек үшін сатып алушылар 150 мың доллар берген. Ал, донорлар қолына оның тек 10-15 мың долларын алған.
Азаматтың бірі бүйрегін онкологиялық ауруға шалдыққан әйелін емдеу үшін сатқанын айтса, бірі жай ғана өмір сүру үшін сатқанын айтты.
"Біздің бақытсыз азаматтарымыз - ағзаны тасымалдаушылардың артында халықаралық ұйымдасқан қылмыс тұр. Ол адамдардың қайғысымен күн кешеді", - деді ұлттық полиция орынбасары Facebook парақшасында.
Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысты бірнеше адамды ұстады. Оның ішінде трансплантолог дәрігер бар.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан