Ұлттық банк басшысы ақшасын қай валютада сақтайтынын айтты
Теңге курсының долларға қатысты күрт өсуін қаржы реттеушісінің басшысы Тимур Сүлейменов жеке және квазимемлекеттік сектор тарапынан долларға сұраныстың артуымен байланыстырды. Ол өзінің жинақтарының бір бөлігін шетел валютасында сақтайтынын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Қазақстандықтар бірнеше күн бойы елдің валюта айырбастау пунктеріндегі ақпараттық таблолардағы көрсеткіштерге қарап, алаңдаулы. Кеше доллар бағамы 496 теңгеге дейін жетті, бүгін курс сәл төмендеді. Дегенмен азаматтар әлі де доллардың 500 теңге шегінен шықпайтынына сенімсіз. Бұдан бір ай бұрын ұлттық банк басшысы мүлдем доллар бағамы шарықтап кетпейтінін айтқан еді.
Тимур Сүлейменов журналистердің сұрағына жауап беріп, курсқа қатысты ешқандай уәде бермегенін атап өтті.
"Уәде беру. Сіздерге "уәде беремін" деп айтқан жоқпын. Сұрақ қойылды: "Сіз күтесіз бе, жоқ па?" Макроэкономикалық, салалық, нарықтық және тағы басқа ақпараттарды ескере отырып, 500 теңге курсын негізді түрде көрмейтінімізді айттым", – деді Тимур Сүлейменов.
Осы ретте ұлтық банк басшысы қазақстандықтарға дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, орташа жылдық доллар курсы – 460 теңге. Үкіметтің болжамына сәйкес осы баға қала береді, дейді ол.
"Біз доллар курсының жыл соңына дейін күрт көтеріледі деп нақты болжай алмаймыз. Орташа курс осындай мәндерде қала бермек. Бірақ курсқа қатысты ешқандай уәде бере алмаймын", – деді ұлттық банк төрағасы.
Ал банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов фйизикалық тұлғалардың депозиттері бойынша статистика 20 триллион 378 миллиард теңге екенін айтып берді. Оның сөзінше, мұнда 16,4 триллионы – ұлттық валютада, яғни теңгеде.
Ұлттық банк басшысы өзінің жинақтарының бір бөлігін шетел валютасында сақтайтынын айтты. Бірақ бұл қаржылық тұрғыдан тиімділіктен емес, қызметтік қажеттіліктен екенін түсіндірді.
"Менің жинақтарымның 15%-ы шетел валютасында. Қалғаны – теңгеде. Неліктен 15%? Өйткені, жұмыс барысымен іссапарларға шығамын. Кейде біздің елімізде жоқ заттарды шетелден тапсырыс беру қажет", – деді Тимур Сүлейменов.
Айта кетейік, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 40%-ын долларда сақтап жатыр. Ұлттық банк мәліметтері бойынша, БЗЖҚ соңғы жинақтарды конвертациялауды шамамен 10 күн бұрын жүзеге асырды. Бұл қадам әртүрлі компаниялардың акцияларына инвестиция салу үшін жасалды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 494 теңгеден асқанын жазған едік. Тимур Сүлейменовтың айтуынша, қазір мемлекет қаржысында ақша тапшылығы байқалып жатыр. Бюджетке түспейтін салықтар ұлттық бюджеттен түсетін трансферттер арқылы қаржыландырылады деді ол.