15 жастағы жасөспірім екінші докторлық дәрежесін алып, үшіншісіне дайындалып жатыр
Фото: Bild
15 жастағы Лоран Симонс екінші докторлық диссертациясын қорғап, үшінші ғылыми дәрежеге дайындалып жатыр. Ол медицина мен жасанды интеллектті ұштастыратын зерттеулермен айналысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD_Russian арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Bild басылымының мәліметінше, Бельгиядан шыққан Лоран Симонс 15 жасында екінші докторлық дәрежеге ие болды. Алғашқы докторлық жұмысын ол 12 жасында қорғаған. Лоран сегіз жасында мектеп аттестатын алып, 11 жасында магистратураны аяқтаған.
Қазір ол Мюнхендегі Гельмгольц орталығында үшінші ғылыми дәрежесі бойынша жұмыс істеп, медицина мен жасанды интеллекттің тоғысындағы зерттеулер жүргізіп жатыр.
"Мысалы, Майкл Джордан секілді секіретін, олимпиада чемпиондары сияқты жүгіретін ерекше адамдарды жасап шығарғым келеді", - дейді Лоран.
Жас ғалымның соңғы диссертациясы теориялық кванттық физикаға арналған. Бұған дейін ол эксперименттік физика бойынша докторлық диссертация қорғаған. Оның айтуынша, күрделі құбылыстар арасындағы байланысты тез таба білу қабілеті мен фотографиялық жады зерттеулеріне көп көмектеседі.
Лоранның ата-анасы оның ерекше қабілеттері өте ерте байқалғанын айтады. Төрт жасында мектепке барып, алты жасында жеке сабақтар қарастырылған гимназияға түскен. Сегіз жасында емтихандарды тапсырып, тоғызында университетке қабылданған. Ал 12 жасында Макс Планк институтының тарихындағы ең жас докторанттардың бірі атанған.
Ғалымдар адамның миы 30 жастан кейін ғана толық қалыптасатынын анықтады
Маман миды жасартуға көмектесетін әдетті атады
Еске салайық, бұған дейін Сауд Арабиясында қытайлық Synyi AI компаниясы әзірлеген Dr. Hua атты жасанды интеллектпен жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы клиника ашылды. Бұл клиникада AI пациенттердің шағымдарын жинап, медициналық көрсеткіштерін талдап, ем жоспарын ұсынады. Соңғы шешімді дәрігер-адам тексереді. Тестілеу барысында AI қателік деңгейі 0,3%-дан төмен болған. Қазір Dr. Hua 30 түрлі респираторлық ауруды диагностикалайды, жақын уақытта 50 диагнозға дейін кеңейту және жаңа клиникалар ашу жоспарланған. Бірнеше ондаған адам қызметті сынақ ретінде тегін пайдаланды, ал толық рұқсат 18 ай ішінде берілуі мүмкін.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік