15 жасар жасөспірім қызық үшін 12 көлік ұрлап, жанармайы біткенде жол бойына тастап кеткен
Алматы полициясы көлік ұрлайтын кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді ұстады. Бұл туралы «КТК» арнасы хабарлады.
Полицияның айтуынша жасөспірім кемінде 12 көлік және тек «Мазда» маркалы көліктерін ұрлаған.
«Көлікпен тек шағын көшелерде жүрдім. Кенет басты жолдардың біріне шыққан едім, алдымнан жол полициясының көлігін көрдім. Олар маған тоқтауымды бұйырды. Бірақ мен жылдамдықты арттырып жүріп кеттім», – деді жасөспірім оқиға туралы.
Жігіт қылмыстарын тек түнгі уақытта іске асырған. Көліктің артқы айнасын сындырып, бұрағыш арқылы жүргізіп кете берген.
«Алматы даңғылдарының бірінен күдікті көрінген көлікті тоқтатып, құжаттарын тексеруді шештік. Алайда, көлік тізгіндеуші бұйрыққа бағынбай, қашып кетпекші болды. Ол бұрылысқа келгенде көлікті басқара алмай, жол шетіне шығып, дөңгелегіне зақым келтірді», – дейді құқық қорғау органы өкілі.
Кейін жасөспірімнің көліктерді қызық үшін ұрлайтыны белгілі болды. Ол көліктің жанармайы біткенде жол бойына тастап кете берген.
Оқи отырыңыз:
Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін
Үндістандық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қыз АҚШ-тан іздестіріліп жатыр
Жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан әйел мен 4 жасар қызды көлік қағып кетті