Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"15 күннен бері күтіп жүрміз": Гүлзира Айдарбекова шампунь сатамын деп сынға қалды

Гүлзира продюсер Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова шампунь сатамын деп халықтан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсердің оқырмандары тауардың қолдарына әлі тимегендеріне наразы.

“Гүлзира ханым, шампуньды неге әлі ала алмай отырмыз? Мұныңыз неткен жауапсыздық?! Әр нәрсе жауапкершілікпен болады. Ойынның өткеніне 15 күн болды. 15 күннен бері күтіп жүрміз. Ауызбен ғана айтып отырсыз. Әлі қанша күн күтейік?! Тауарды уақытында сала алмасаңыз неге сатуға шығарасыз?! Неге ұтыс ойынын ойнаттыңыз?! Нөмерлердің ешқайсысы жауап бермейді. Хабарлассақ сөніп жатыр. Ісіңізге жауапкершілік танытсаңыз екен. Чекті де жібердік. Бірақ хабарлама келген жоқ. 3 рет төлем жасадым. Қашанғы күтуге болады. Ендігі сөзіңіз өтпейді. Сылтауды қойыңыз. Ұят емес пе?! Ойынның ертеңіне немесе бір аптадан кейін сұрап отырғанымыз жоқ. Бақандай жарты ай өтті. Тауарымды салып жіберуіңізді талап етемін”, – деп жазды желі қолданушысы.



“Байлықтың иісі” бар деп сусабын сатқан продюсер ел алдына шығып, оқырмандарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

“Ешкім алмай қалмайды. Телеграмға чек жібергеннен кейін хабарлама барады. Сол жерде қай жерден алып кету керегі жазылған. Бүкіл тауар әр қалаға жөнелтілді. Әр шампуньға 1500 теңге төледім. Мен атыма кір келмеуін қалаймын. Міндетті түрде тауарды қолыңызға аласыз. Көп адам чекті қайда жіберу керегін түсінбей жатыр. Сосын осындай қолайсыздықтар болып жатыр”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Еске салайық, Қайрат Нұртастың анасы бесінші баласын босанған келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы құттықтамаған еді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 10:46
Талқылау