Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 000 теңге үшін өлтіріп тастаған: Алматыда көз жұмған баланың туыстары оқиға жайлы айтты

Алматыда жасөспірім досын жауыздықпен өлтірген. Көз жұмған баланың туыстары, еріктілер мен полицейлер оны бір тәулік бойы іздеп, бау-бақшадан денсін тапқан. Оқиға жайлы марқұмның туысы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Жасөспірімді оның жақын досы өлтірген болып шықты. Күдікті марқұмның үйінен бұған дейін 15 мың теңге ұрлап кеткен. 

“Досы Никита телефон соғып, кездесуге шақырған. Никита Тимурдың үйінде жиналған ақшасын ұрлап кеткен. Бірақ кейін қайтарамын деп уәде берген. Анасы Тимурға бармай-ақ қой, бәрібір ақшаны қайтармайды деп айтқан. Алайда бала ересек адамның айтқанын тыңдай ма? Тимур ол жақта өліп кететінін білмеді ғой”, – дейді марқұмның туысы Татьяна Огнева. 

Күдікті 14 жастағы Тимурдың басын жарып, кейін аяқ киімінің бауымен тұншықтырып өлтірген. Бұған қоса оны өлтірген досы марқұмның картасын алып, дүкенде сауда жасап үлгеріпті. Онымен қоймай, Тимурды іздей бастағанда түк болмағандай еріктілермен бірге жүрген. 

Қазір өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалып, күдікті қамауға алынды. Ол кісі өлтіргенін мойындады. Мұндай қылмысы үшін ересек адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Дегенмен күдіктің жасын ескере отырып, бұл мерзім азайтылуы мүмкін. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда бір тәулік бұрын жоғалып кеткен баланың денесі табылғаны айтылған еді. 

Талқылау