Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"14 сағат күтіп отырдық": Әнші Say Mo лаңкестердің құрығына түсіп қала жаздағанын айтты

Say Mo лақап атымен танылған әнші шеру күні лаңкестердің қолына түсіп қала жаздағанын айтты. Әнші анасымен бірге ұшақта 14 сағат күтуге мәжбүр болған.

Әншінің айтуынша, қайғылы жағдай күні анасы екеуі Мәскеуге ұшпақ болған. Алайда әуежайдан аса алмады. Лаңкестік бүлік кезінде, сыртқа шыға алмай, 14 сағат ұшақ ішінде күтуге тура келді дейді. 

“Анам екеуміз Мәскеуге жолға шықтық. Дәл сол күні у-шу басталды. Әуежайда атыс-шабыс. Біз ұшақта отыруға мәжбүр болдық. Мен қатты қорықтым.Өмірімізге қауіп төне ме деп қатты уайымдадым. Кешкі сағат 20:00-ден, таңғы 10:00-ге дейін күтуге тура келді. Ұшақ іші суық болды. Ауырып қалдық. Бірақ аман-есенбіз, құдайға шүкір. Анам екеуміздің жағдайымыз жақсы”, – деді ол. 

Бұған дейін әнші Нәзима әуежайды басып алу кезінде 15 сағат бойы ұшақтың ішінде болған. Ол оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

"Бізді алып кетуі керек екі баланы көліктің ішінде атып кетіпті. Біреуі қаза тапты, екіншісі жаралы. Қала көшесінде ештеңеге қатысы жоқ адамдарды атып тастаған. Шымкентке кетіп бара жатқанда жолда өртенген көлік, тоналған дүкендерді көрдім. Менің сүйікті Алматым соғыстан кейінгі күйде еді. Өз көзіме өзім сенбедім", – дейді әнші.

Желі қолданушылары амандық тілеп, түрлі пікір жазысты. 

Айта кетейік, Алматыда 5 қаңтар кешкісін бүлік шығарушы адамдар тобы қала әуежайын басып алды.


Талқылау