Бір топ адам Алматы әуежайын басып алды
Алматыда 5 қаңтар кешкісін бүлік шығарушы адамдар тобы қала әуежайын басып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі дерек бойынша, әуежайда 45 адам бар. Олар кірісімен әуежай қызметкерлері шығып үлгерді. Әуежайға басып кіргенде терминалда жолаушылар болмады. Жолаушыларды алдын ала, 11 есік арқылы шығарып үлгердік. Әскерилер де әуежайдан кетіп қалды, олардың қайда кеткенін білмейміз. Әуежай қызметкерлері жолаушыларды өз күшімен эвакуациялады”, – деп мәлімдеді аэропорттың баспасөз қызметі.
Қалада арнайы операция басталды. Әуежай бүлікшілерден босатылды. Қазір әуежай қалыпты жұмыс режиміне ауыстырылды.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады