14 баланың 44 жастағы анасы өз еңбегімен миллионер атанды
АҚШ-та тұратын Тамми Амбел есімді шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйел 44 жасында миллионер атанды. Ол 16 жасында тұрмысқа шығып, 14 перзент сүйді.
Кейіпкеріміз жылына 1,7 млн доллар табыс түсерітен опа-далап бизнесімен айналысады. Ол ең алдымен опа-далаптың табиғи әрі денсаулыққа пайдала болуына мән береді.
Тамми Амбел Виргиния штатына қарасты Лисбург елді-мекені маңындағы фермада отбасымен тұрады. Өнімдері үшін экзотикалық табиғи компоненттерді, мәселен, мароккалық арганды майды сатып алады. Намибияда марулдың, ал мысырда қара зеренің майын сатып алу үшін сапарға шығып тұрады.
Компания іріленіп, қанатын кеңге жайған сайын ол қоластындағы қызметкерлерін өз бетінше жұмыс істеуге үйреткен. Фабрикаға барған сайын балаларын өзімен бірге ертіп алады.
Оларға жүк тұрған залда үй тапсырмасын орындауына жағдай жасап, өзі тапсырыстарды қабылдауға кетеді. Осылайша отбасы шаруасы мен бала тәрбиесін және бизнесін қатар алып жүрген әйелдің қажыр-қайраты қайран қалдырады.
Оқи отырыңыз:
Британияда “ақылды” секс-қуыршақтар сатылымға шығарылды (видео)
Америкалық археологтар Мысыр пирамидаларының басты құпиясын ашты
Якутияның ең бай депутаты 13 млн рубльге түскі ас ішті
Баскетболшы қоян әлемдік рекорд орнатты