13,9 миллион доллар ұрлаған кәсіпкер бүкіл ақшасына 96 үй мен сәнді көліктер сатып алған
Кәсіпкер ұрланған ақшасына 96 үй және Ferrari, Lamborghini, Rolls Royce, Mercedes секілді сәнді автокөліктер алуға жұмсаған. ҚҚС саласындағы халықаралық алаяқтық ұйымның жетекшісі 46 жастағы Джеймсон Батлер жалған шоттар жасап ақша ұрлаған.
Ол қылмысын Англия, Испания, АҚШ және Гибралтар компанияларының қатысуымен болған күрделі сауда операциялары арқылы жасыруға тырысқан. Бұл туралы Metro хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Алаяқ 85 миллион доллар тұратын жеке деректерді ұрлап, оларды қайта сатып отырған. Осылайша, ол 13,9 миллион долларға жуық қаржы жымқырған.
«Бұл оффшорлық компанияларды пайдалану және ақшаны халықаралық деңгейде аударуды қамтитын күрделі алаяқтық болды. Бұл оқиға барлығына салық төлеушілердің ақшасын кімдердің ұрлап жүргенін көрсетеді»,-дейді алаяқтыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкері Эден Ноблетт.
Атақты алаяқ жымқырған ақшасына Марбелла, Испания, Лидс, Англиядан үй алған. Оған қоса қалған қаражатын Ferrari, Lamborghini, Rolls Royce, Mercedes секілді қымбат көліктер алуға жұмсады. Ұлыбританияның Салық және кеден қызметі өкілінің айтуынша, бұл сома Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің бес жүз медбикесінің жұмысына төлеуге жеткілікті.
Батлер сонымен қатар Испанияға көшкенге дейін Иоркширде Jump Group Ltd компаниясына тиесілі бірнеше компанияларды да басқарған. Керемет өмір сүріп жатқанына мақтанғысы келген алаяқ қымбат үйлері мен сәнді көліктерінің суретін әлеуметтік желіге салып отырған. Дегенмен, оның бұл рахаты ұзаққа созылмады.
Полиция қызметкерлері атақты алаяқты Манчестер әуежайында қолға түсірді. Ол 2015 жылдың қаңтарында Малагадан Ұлыбританияға келгенде ұсталған. Ақшасын сәнді көлік пен қымбат үйге шашқан Батлер ҚҚС алаяқтық бойынша кінәлі деп танылып, тоғыз жылға сотталды.
Оқи отырыңыз:
60 жастағы салық қызметкері зейнетке 5 жыл ерте шығу үшін жынысын өзгерткен
Опера әншісі дәрігерлердің қателігінен 19 жасқа дейін өзін еркек санап келген
«Зимняя вишня» сауда орталығының жалға берушісі қамауға алу туралы үкімге шағымданды
Ер адам көлігімен өзінің әйелі мен баласы мінген скутерді қағып, қашып кеткен