Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"134 миллион теңге": Қайрат Нұртастың бұрынғы директоры зәулім үйін көрсетті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Қайрат Нұртастың бұрынғы директоры, продюсер Лаура Сейтбек зәулім үйін “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасында көрсетті. 

Фото: https://www.instagram.com/lauraseitbek/

Продюсердің айтуынша, 5 жыл әншінің жеке директоры болған. 

“Бұл үйде тұрып жатқанымызға 3 жылдан асты. Депутаттарға арнап салынған тұрғын үй кешені болған. 2007 жылы іргетасы қаланған. Амантай Біртанов деген медицина саласына еңбегі сіңген азамат осы үйде тұрған. 200 шаршы метрлі, 5 бөлмелі үйіміз. Қазір пәтер бағасы – 135 миллион теңге. Қонақ бөлмемізге 20 шақты адам сыяды”, – деді продюсер. 



Әңгіме барысында журналист елімізге танымал әнші Қайрат Нұртастың директоры қызметін атқарғанын да айтып қалды. 

“Мен ол кісімен жұмыс істей бастағанда “Прайм плазадағы” оқиға болды. Сол жылдардан бастап бірге қызмет істедік. 2012-2017 жылдары директоры болып, күн тәртібін реттеп, тойларына тапсырыстарын қабылдап жүрдім. Сол кезде-ақ графигі өте тығыз еді. Гонорары – 7 мың доллар еді. Мен ойлаймын, қазір де сол доллар күйінде қалса, ештеңеден ұтылмайды. Бірақ қазір қаншаға шығатынын білмеймін. Парақшасынан қарап отырамын, тек сәттілік тілеймін. Қазақ эстрадасының абыройын көтеріп жүрген азамат”, – деді Лаура Сейтбек.  

Талқылау