Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жастағы бала анасын қатыгездікпен сабап тастаған

Екатеринбургте психиатрда есепте тұратын 13 жастағы бала 50 жастағы анасын асқан қатыгездікпен сабап тастаған.

skoraya_vs

Бұл туралы НТВ хабарлайды

Тергеу дерегі бойынша, оқиға 2 қаңтар күні жеке пәтерде болған. Алтыншы сыныпта оқитын бала өз анасын ұрып, қабырғасын сындырған. Бірнеше күн бойы пәтерінде болған әйел, оқиғаны жасырып келген. Алайда ол кейін медициналық көмекке мұқтаждық танытқан.

Қазір құрсағынан, басқа да дене мүшелерінен оңбай жарақат алған әйел ауруханада жатыр. Оның 13 жастағы ұлы да медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазір тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданып, профилактикалық шаралар қабылданатын болады.

Оқи отырыңыз:

БАҚ Ыстамбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғанын хабарлады

ДАИШ-тың белгілі көшбасшысы 400 содырмен бірге босқын кейпіне еніп Европаға кіріп кеткен

Ерлі-зайыптылар қызының өлімі үшін Apple компаниясын сотқа берді

Италияда ер адам 60 жылға жуық жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған

Талқылау