Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

129 мың теңгеге дейін айыппұл: Референдум алдындағы тыныштық күнінде не істеуге болмайды

Фото: freepik.com

Қазақстандықтарға жаңа Конституция бойынша референдум алдындағы “тыныштық күніне” қатысты жауапкершілік туралы ескерту жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда 14 наурыз күні референдум алдындағы заңмен белгіленген “тыныштық күні” басталады.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров тыныштық күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынғанын атап өтті.

"Үгіт-насихат жүргізуге болмайды. Тыныштық күні – нағыз тыныштық күні. Кез келген үгіт-насихатқа жол жоқ. Егер қандай да бір жерде үгіт-насихат материалдары ілінген болса, олар алынып тасталмайды, бірақ таратуға болмайды", – деді Әбдіров.

Сонымен қатар, ол тыйымның әлеуметтік желілерге де қатысты екенін атап өтті.

“Үгіт материалдарын жариялауға болмайды, ешқандай белсенді жұмыс жүргізуге болмайды”, – деді комиссия төрағасы.

Сондай-ақ референдум күні сауалнама жариялауға тыйым салынады.


Қазақстандық ер адам Threads желісінде референдумға қатысты сауалнама жүргізгені үшін айыппұл арқалады

Қазақстандық БАҚ Конституция бойынша референдумға қатысты сауалнама үшін айыппұл арқалады


Ережені бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің “тыйым салынған кезеңде сайлау алдындағы үгіт жүргізу" бабына бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Айыппұл мөлшері:

- Жеке тұлғалар үшін – 15 АЕК (2026 жылы 55 380 теңге);

- Шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар үшін – 20 АЕК (73 840 теңге);

- Орта бизнес субъектілері үшін – 25 АЕК (92 300 теңге);

- Ірі бизнес үшін – 35 АЕК (129 220 теңге).

Еске салсақ, бұған дейін бас прокуратура референдумға қатысты сауалнама жүргізген екі азаматқа айыппұл салынғанын айтып, қазақстандықтарға ескерту жасаған еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 22:38