Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"120 миллион теңге алған". Алматылық әйел балаларды шетелге байқауға апарамын деп алдап кеткен

Балаларды шетелге байқауға апарамын деп алдап кеткен  ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.Фото: Видеодан скриншот

Алматыда кішкентай өнерпаздарды шетелде өтетін байқауға апарамын деп сан соқтырған әйелге қатысты сот басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KTK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

40 жастағы Лариса Жұмаева ата-аналардан кемі 350 мың теңгеден жинап алған. Алайда балалар халықаралық байқауда бақ сынамақ түгілі, шетелдің шетін көрмеген. Күдікті кінәсін жартылай мойындап отыр.

“Жұмаева өзінде пайда болған бөтеннің мүлкін алдау және сенімін пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуге бағытталған қылмыс пиғылымен пайда болған қаражатты жеке пайдасына жаратқан. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағында көрсетілген қылмысты жасаған”, – деді прокурор Айнұр Күнтуқызы.

Еліміздің әр өңірінен жиналған ата-аналар Лариса Жұмаеваның үстінен жаппай арыз түсірген. Продюсерлік орталықтың ұйымдастыруымен 500-ден аса бала Түркияға барып, “Мен де жұлдыз боламын” деп аталатын халықаралық өнер байқауына қатысуы керек болған. Бірақ балалар ешқайда бармапты. Жиналған қаражат та кері қайтарылмаған. Күдіктінің берешегі шамамен 120 миллион теңгеге жеткен. Әйелге ақпарат жүйесін пайдалану арқылы жасалған алаяқтық дерегі бойынша айып тағылып отыр. Түскен 500-ден аса арыздың 95-і ғана сотқа жетті дейді сан соғып қалғандар. Олар қаражатын қайтарып, әйелдің тиісті жазаға тартылуын талап етеді.

“Бізді сотқа шақырып еді, біз сотта тізімде жоқпыз. Тек 95 адам тізімде тұр. Мінекей ,сот болып жатыр. Біз сотқа түсе алмадық, шақырылмадық. Біздің талабымыз – ақшамыз қайтарылсын. Еңбегіміз ғой! Сонша халық таң атпай келдік”, – деді жәбірленуші Лариса Жангашева.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық демалысының шырқы бұзылғаны үшін әуекомпанияны сотқа беріп, 50 мың теңге өндіріп алғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 27 Қаңтар, 2026 22:11