"120 балл жинағандарға арнайы грант": Қазақстанда білім гранттарын бөлудің жаңа механизмі ұсынылды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда білім гранттарын бөлудің жаңа механизмімен таныстырды. Онда түлектердің ҰБТ-дан жинаған баллдарына орай оқу ақсысына жеңілдіктер пайыздық көрсеткіште бекітіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің ұсынысы бойынша гранттарды бөлі үш санаттан тұрады.
- Біріншісі "Қамқор" деп аталады. Мұнда ҰБТ-да 50-ден 74 баллға дейін жинағандар өтініш бере алады. Оның мөлшерінде білім беру құны 30-дан 50%-ға дейінгі жеңілдікте болмақ.
- Келесі “Негізгі" пакет. Мұнда 74- 120 баллға дейінгілер өтініш тастай алады. Мұнда жалпы ұлттық оқу ақысының 100% жабылады.
- Ал тестілеуден 120 балл жинаған түлектерге жоғары "Дарын" гранты берілмек. Дегенмен, бұл грантты ұтуға тек қана ҰБТ ұпайлары емес, сонымен қатар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жарыстардағы жетістіктері ескерілетін болады.
“Ең дарынды студенттерге жоғарылатылған грантпен білім алуға мүмкіндік беріледі. Университеттер осы дарынды студенттер үшін бәсекелесуі керек. Себебі олар грант құнынан 120-150% деңгейінде көбірек ақша әкеледі. Бұл тәсіл қазір маңызды
пысықталуда. Биыл жүзеге асырылмақ”,- деді Саясат Нұрбек.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"