Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы бала қыз болып киініп, ата-анасына үй алып берді

Таиландта 12 жастағы бала қыз болып  киініп, қомақты ақша тапты. Ол ақшаға ата-анасына үй алып берді.

Нес есімді жеткіншек Instagram-да макияж жасап, өзі қыз ретінде танылды. Ол бала күніне анасының боянғыш заттарына қызығып, боянып өскен. Ата-анасы оған қолдау білдіріп, қарсы болмаған. Өскен соң желіде парақша ашып, боянудың қыр сырын үйрете бастайды. Ол өзі боянып, парик киіп, кірпікжалғағандықтан ұл бала екенін ешкім білген жоқ.

Уақыт өте желіде таныла бастайды. Бүгінде 291 мың адамы бар. Онымен косметикалық брендті өндіріс орындары келісім жасасады.  Телебағдарлама мен сән апталықтарына шақырады. Жиған ақшасын отбасына үлкен үй алып берді.

 “Нес небәрі 12 жаста. Ол ата-анасына үй салып берді. Барлық қайырымды адамдаға рахмет”, – деп жазды жеткіншек желіде.
Нес кей сыныптастарының оның тірлігіне күле қарайтынын айтты. Алайда оларға мән бермейтін көрінеді.

 

Талқылау