12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбай, жалғыз тастап кеткен: FlyArystan 8 млн теңге төледі
Орал әуежайында 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбай, жалғыз тастап кеткен FlyArystan әуекомпаниясы 8 млн теңге өтемақы төледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: tripadvisor.ru
Отбасының адвокатының айтуынша, қыздың анасы сот белгілеген 5 млн теңге көлеміндегі өтемақыны толық көлемде алған.
"Баланың анасы сот белгілеген тиісті өтемақыны, сот шығындарын қоса алғанда толық көлемде алды. "Эйр Астана" сот шешімін мәжбүрлі түрде орындауға бармай-ақ талапты толық орындады. Былтырдан бері осы бағытта жұмыс істеп келеміз. Соңында оң нәтижеге жеттік", – дейді заңгер Данилхан Шағатаев.
-
Air Astana әуе компаниясына қатысты тағы бір жанжал: 10 жасар қазақстандық бала Түркия әуежайында екі күн бойы жалғыз қалып қойған
Заңгердің айтуынша, осы оқиғаның арқасында жолаушылар тасымалы туралы қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ FlyArystan әуе компаниясының ішіндегі ережелерге өзгерістер енгізілді.
Данилхан Шағатаев егер осындай жағдай тағы қайталанса, қазақстандықтар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қалай қорғау керегін білетін болады.
"Эйр Астана жалпы сомасы 8 692 000 теңге шығынға ұшырады, оның ішінде әкімшілік айыппұл мен моральдық шығын бар. Мұндай алып авиакомпания үшін бұл сома аз болуы мүмкін, бірақ бәрібір сабақ алды", – деді адвокат.
Еске салсақ, бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы 12 жасар қызды рейске мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада қалдырып кеткені туралы жазған едік.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
