Қазақстандық азамат мектеп оқушысымен бейнеқоңыраумен сөйлескеннен кейін түрмеге қамалды

Фото: Pixabay.com
Алматыдағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 жастағы оқушы қызға әдепсіз әрекеттер жасаған ер адамға үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам Астанада жүрген кезінде Telegram мессенджері арқылы Алматыдағы гимназиялардың бірінде 6-сынып оқитын қызбен танысқан. Мұны тергеу барысында Медеу аудандық прокуратурасы анықтады.
"Ер адам видеобайланыс арқылы интимдік сипаттағы рұқсат етілмейтін әдепсіз әрекеттерді жасаған", – делінген хабарламада.
- Жетісу облысында 12 жасар қызды зорлаған педофил өмір бойына сотталды
Сот оны Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі “Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру” бойынша кінәлі деп таныды.
"Ол 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасына кесілді", – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске салсақ, Абай облысында оқушы қызды зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"