"12 сағат сөйлесе алады": Дана Есеева абақтыда отырған Мейіржан Төребаевтың жағдайын айтты
Блогер Дана Есеева қаржы пирамидасын жарнамалады деп бес жылға бас бостандығынан айырылған күйеуі, вайнер Мейіржан Төребаевтың жағдайын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Кәсіпкер бүгінде бес баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын "Din Dina Show" бағдарламасында айтты.
"Негізі түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды. Адам ол жақтан не жақсы жаққа, не жаман жаққа өзгеріп шығады. Мейіржанның басынан өткен дүние ол үшін тәжірибе болды деп ойлаймын. Ол жақсы жаққа өзгерген. Біз көп әңгімелесеміз, көрісеміз. Мен Мейіржанға қарап, менімен күніне 12 сағат сөйлесе алатын адамды көремін, ол барлық затқа соншалық тереңінен қарайтын болған. Яғни бұл тәжірибе оған жақсы көмектесті", – деді желі жұлдызы.
-
Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Алматыға ауыстырылды
Сондай-ақ өткенге шегініс жасап, осыдан 20 жыл бұрынғы күйеуімен үйленген сәтін де есіне алды.
“Менің қалың малым 1000 доллар болған. Ол кезде доллардың курсы басқа еді. 120 мың теңге шамасында әкелген. Бірақ өте жеткілікті ақша еді. Беташарда бір қызық жағдай болды. Мен тек сол кезде ғана Мейіржанның ағалары мен көкелерінің есімін атай алмайтынымды білдім. Жаңа отбасыға сіңісу үшін сен олардың заңдары мен дәстүрін қабылдайсың. Әйел адам нағыз байланыстырушы құрал екенін сезіндім. Ер адам сыртқы өмірде маңызды болса, әйел ішкі өмірде маңызды тұлға", – деді кәсіпкер.
Еске салайық, сотталған вайнерлер Төребаев пен Шерниязов жұмысқа орналасқанын жазған едік.