Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12 күннен кейін көшеміз": Мадина Сәдуақасова ұлының туған күніне пәтер сыйлады

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова ұлының туған күніне арналған сыйлықты көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің ұлы 10 жасқа толып, бастауыш сыныппен қоштасқан еді. 

“Достар, жақында мен бір адамға пәтер сыйлаймын деп айтқан едім. Сол адамның кім екенін енді айтайын. Ол менің ұлым – Әнуар. Балам Шоқан мектебінде оқиды. Мектепке әкелу үшін алыстан қатынап жүрдік. Бір күні балам мектептің жанынан үй алайықшы дегенді айтты. Таңертең бұл көшеде кептеліс болады. Сол үшін біз мектепке жете алмай, Әнуарды жолдың бойынан тастап кететін едік. Енді міне, жүргіншілер жолынан өтіп келе қояды. 17 маусым ұлымның туған күні. Соған дайындықты бастадық. Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. 12 күннен кейін бітіп, кілтін қолына ұстатамын”, – деді әнші. 


  • "Бір пәннен ғана ұстағаны өкінішті": Мадина Сәдуақасова ұлының үздік болмағанын айтты

  • "Ол атағым жойылып кетті": Мадина Сәдуақасова әскери салаға қатысты ақпаратты бөлісті


Еске салайық, өнер иесі ұлына құны 40 миллион теңге тұратын көлік сыйлаған еді. 

“Әнуар машинасын ауыстырды. Су жаңа 2024 жылғы екен. Ойлап қалмаңыз өзі рөлге отырады деп. Әрі-бері мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық. Құны 40 миллион теңге”, – деген еді эстрада жұлдызы. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 12:03
Талқылау