Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 әйел өзін “есін жоғалтқан қазақстандықтың анасымын” деп таныстырған

Ағымдағы жылдың наурыз айында Асан Арықбаев “Айтуға оңай” бағдарламасы арқылы анасын іздеген-ді. Оның балалық шағы, қайда туып, кімнің қолында өскені есінде жоқ. Эфирден кейін бағдарламаға 12 әйел хабарласып, өзін Асанның анасы санайтынын айтқан. “Сана” медициналық орталығының арқасында ДНҚ жүргізіліп, Асанның анасы анықталды.

нрпеа

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Айтуға оңай” бағдарламасында айтылды.

ДНҚ нәтижесіне сәйкес, Сайыпжамал Арықбаева Асанның биологиялық анасы болып шықты. Әйел Қырғызстан Республикасында тұрады екен. Қазір жігіт отбасымен бірге тұрып жатыр. Жуырда Гүлчехра есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерді.

Асан басынан жарақат алып, соның салдарынан есін жоғалтқан. Бұл медициналық тексеру нәтижесінде анықталды. Кісі қолында жалданып жұмыс істеп жүрген жігіт анасын іздеуге кіріскен-ді. Осы мақсатта ол “Айтуға оңай” бағдарламасының журналистерінен көмек сұраған.

Есін жоғалтқан жігіт туралы хабардан кейін эфирге 12 әйел хабарласқан. Олардың барлығы дерлік өздерін Асанның анасы есептейтіндіктерін айтқан. Мамандар ДНҚ тексеруін жүргізіп, соңында Сайыпжамал Арықбаеваның Асанның анасы екенін анықтады.

каву

Сайыпжамал ханымның айтуынша, ұлдары 2003 жылы Қазақстанға табыс табу үшін кеткен. Алғашында Асан отбасына Алматы облысы Шелек ауылында Емберген Жексенов есімді азаматтың қолында егінші болып жұмыс істеп жүргенін айтады. Осыдан кейін арада 13 бойы байланыс үзіледі.

Осы уақытқа дейін бірнеше адамнан алынған ДНҚ сараптамасы Ош облысы, Жалпақтас ауылының тұрғыны Сайыпжамал Арықбаевадан да алынған. Оның қолында Асанның құжаттары да бар болып шықты. Осылайша қазақстандық бағдарлама арқылы Қырғыз жерінен елге нәпақа табу үшін келген Асан Арықбаев 13 жылдан кейін өзінің отбасымен қауышты. Бүгінде оның өзі бір шаңырақтың иесі болып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Сұм тағдыры Қазақстан халқын алаңдатқан Айдана Қошанова тұрмысқа шықты

Діни басқарма Алматыда 5000 теңгеге бола шешінген жастарды айыптады

Екі азаматтығы бар Теміртау тұрғыны 10 жыл бойы екі елдің зейнетақысына қарық болып келген

ШҚО-да педофил жауапкершіліктен жалтару үшін өзін психологиялық аурумын деп жариялаған

Талқылау