116 жастағы әйел әлемдегі ең қарт адам атанды
Фото: longeviquest.com
Гиннестің рекордтар кітабы британдық Этель Катерхэмді әлемдегі ең қарт адам деп жариялады. Қазір ол 116 жаста. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейінгі ең қарт адам бразилиялық Ина Канабарро Лукас 116 жас 326 күнінде көз жұмғаннан кейін, әлемдегі ең қарт адам мәртебесі британдық Этель Катерхэмге өтті.
Сонымен қатар, Этель Катерхэм – 20 ғасырдың алғашқы онжылдығында туған соңғы тірі адам (ол 1909 жылғы 21 тамызында дүниеге келген).
116 жастағы британдық әйел Этель Катерхэм қызықты өмір сүрді. Ол 1927 жылы, 18 жасында кемемен үш апталық сапарға шығып, Үндістанда жаңа өмір бастаған.
Бірнеше күннен кейін ол британ әскеріннің қызметкері Норман Катерхэмге тұрмысқа шыққан. Кейін Джем және Энн атты екі қызды дүниеге әкелген.
Қарияның күйеуі Норман 1976 жылы көз жұмса, қызы Джем 2000 жылдардың басында, екінші қызы Энн 2020 жылдың ақпанында 82 жасында қатерлі ісіктен дүниеден өтіпті.
Еске салсақ, бұған дейін Түркияда 132 жастағы елдің ең қарт тұрғыны өмірден өткені туралы жазған едік. Алайда қарияның жасын растайтын құжаттары болмағандықтан, ол ресми түрде ұзақ жасаған адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабы тарапынан танылмаған.

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
