114 жастағы қытайлық әйел өзін құлай сүйген адамына тұрмысқа шықты
Қытайдың солтүстік-батысында ғасырдан астам уақыт жасаған әжей өзінен кіші ер адамға тұрмысқа шықты.
Салтанатты жағдай Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Бачу Синьцзян өлкесінде болған. 71 жастағы Чжэн есімді ер адам өзінің ғашығына бір жылдай тер төгіп жүріп қол жеткізіпті. Ол бірнеше рет ұсыныс жасағанына қарамастан, әйел оған қарсылық білдіріп келіпті. Әжей өзінен 43 жас кіші ер адаммен көңіл жарастыруға ұялған сыңайлы.
Алайда ер адам табанды болып шықты. Оларды бірге тұратын қарттар үйінің қызметкерлері де қолдаған. Тек 114 жасқа толған күні ол ерекше ұсынысқа келісім берген.
Чжэннің айтуынша, ол ғашығын бір көргеннен сүйіп қалған.
“Мен ешуақытта осы бір бақытты сәтке жетемін деп ойламадым. Біздің арамызды өлім бөлгенше онымен бірге боламын”, – дейді жас күйеу.
Оқи отырыңыз:
Рамзан Қадыровтың оныншы баласы өмірге келді
Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан
114 жастағы қытайлық әйел өзін құлай сүйген адамына тұрмысқа шықты
Орыс азаматтары әлемдегі ең ұсқынсыз ер адамдардың үштігіне кірді