107 жастағы ирандық қария сайлауға түсу үшін кандидатурасын ұсынды
107 жастағы Иран тұрғыны Фейзолла Фатхи (Feizollah Fathi) жергілікті билік органы сайлауына қатысу үшін өз кандидатурасын тіркеді.
Ер адам Дивандердегі шахрестанға (Күрдістан провинциясы) ауыл кеңесіне дауысқа түсуді жоспарлаған өзінің 73 жастағы зайыбы Джаханмен бірге сайлау комиссиясына келген.
Фейзолла Фатхи егер сайланған жағдайда «халыққа қызмет ететіндігін және өзекті мәселелерге басты назар аударатындығын» мәлімдеді.
Биліктің жергілікті органдарына бұдан бұрын тіркелген 1889 кандидаттың жасы 75-тен асады.
Дауыс беру 19 мамырда болатын Иран президенті сайлауымен бір уақытта өтеді деп күтіліп отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Қария көзі көрмесе де таяғымен түртінектеп жүріп 40 жыл пошташы болған
Төрт жасар бала айфонның көмегімен анасын өлімнен арашалап қалды (видео)
Талқылау

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
Қайғылы оқиға 6 жыл бұрын “Охотзоопром” кәсіпорнында болған еді

"Кейбірі сәбиінен, кейбірі анасынан айырылып жатады": Қазақстандықтар перзентхана алдында дүбірлі той жасайтындарды сынады
Акушер: "Көп адамның жиналуы жаңа туған сәби мен анаға түрлі инфекция, вирус таратады"