1000 еуроконтейнер және жаңа контейнерлік алаңдар: Алматыда ҚТҚ шығару инфрақұрылымы қалай жаңғыртылуда
Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) жинау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Қатты тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару – жайлы қалалық орта құрудың маңызды міндеті. 2012 жылы салынған инфрақұрылым физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген", – деді әкім.
Мегаполис басшысы 2,8 мың евроконтейнер мен жерасты контейнері 400 алаңда жаңартылғанын атап өтті.
2025 жылы 723 алаңда тағы 2,7 мың жаңа контейнер, оның ішінде 1 683 жерасты және 1 000 еуроконтейнер орнату арқылы қаладағы барлық контейнерлік алаңды толық жаңғырту аяқталады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"