Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100 мың теңге": Ұлттық экономика министрі коммуналдық төлемге айына қанша жұмсайтынын айтты

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бүгін үкіметтегі брифингте коммуналдық төлемдерге айына қанша шығаратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Үкіметтегі брифингте ұлттық экономика министріне елде тарифтердің күрт өсіп кеткені туралы сұрақ қойылды. Министр болса, осы салада тәуелсіз аудит жүргізіледі деп жауап берді.

Оның сөзінше, коммуналдық қызмет саласындағы инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған инвестиция орынды ма және тарифтерді көтеру дұрыс па, сол тексеріледі. 

"Мұның қаншалықты дұрыс болғаны туралы сұрақ көп. Сол себепті біз тәуелсіз аудит жүргізіп, бұл инвестициялар жаңарту, жылу немесе электрмен жабдықтау үшін қаншалықты қажет екенін тексергіміз келеді. Екіншіден, тарифтер қазіргідей кенет көтеріліп кетпес үшін тарифтік жүйе жасағымыз келеді. Бұл кезекпен және баяу болуы керек", – дейді Нұрлан Байбазаров.

Сонымен қатар журналистер министрден “коммуналдық бағаның өскенін түбіртектерден байқадыңыз ба және ай сайын қанша төлейсіз” деп сұрады.

"Нақты айта алмаймын, 100 мың теңге шамасында екенін білемін", – деді министр.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Алматының құны қанша екенін мәлімдеді.  

Талқылау