БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда ұстаздарды кемсіткендерге 252 мың теңге айыппұл салу ұсынылды

Аталған заң қазір талқыланып жатыр, оған қатысты қандай да бір пікірді "Ашық НҚА" порталында қалдыруға болады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Ұстаз бен оқушылар

Сурет: Bugin.kz

Қазақстанда ұстаздарды кемсітіп, абыройына нұқсан келтіргені үшін 257 мың тенге көлемінде айыппұл төлеу ұсынылды (100 АЕК). Айыппұлдың көлемі "Педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімнің жүктемесін азайту мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңында қарастырылмақ.  

Аталған өзгертуді 24 маусымға дейін "Ашық НҚА" сайтында талқылау жоспарланып отыр. 

"127-бапты 1-1 бөліктерммен толықтырудың мәтіні келесідегідей: "1-1. Кәмелеттік жасқа толмағандар ұстаздың абыройына нұқсан келтірген жағдайда олардың ата-анасы немесе оларды алмастыратын азамат 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді", - делінген заң мәтінінде. 

Мұнымен қатар, педагогтарды өзіне тиесілі емес жұмысқа тартқаны үшін де айыппұл салынбақ

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр