Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдерді артық жұмысқа жеккендер жазаланады

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында мұғалімнің кәсіби жұмысына негізсіз араласу жағдайынан қорғану құқығы қарастырылған. Бұл дегеніміз мұғалімнің міндетіне жатпайтын басқа жұмыс түрлеріне жеккендер заңмен жауап береді деген сөз, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Ұстаз бен оқушылар

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында педагогты кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмысқа тартуға тыйым салатын арнайы бап қарастырылған. 

«Педагог кәсіби міндеттеріне байланыссыз жұмыс түрлеріне тартылса, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес айыппұл салынады. Мұғалімнің құқығы алғаш рет бұзылғанда ескерту беріледі. Ал қайталанса, айыппұл салынады. Салынатын айыппұлдың көлемі қарастырылып жатыр», - деп хабарлады министрлік. 

Білім және ғылым министрлігі бұл заң жобасы келісу мақсатында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қарауында екенен айтты.

Талқылау